Қоғам

Жұлдыз Әбдікәрімова байқауды күйеуі сатып алды дегендерге жауап берді

"Әлем ханымы – 2020" байқауының жеңімпазы күйеуі, белгілі әнші Қайрат Нұртастың көп көмегі тигенін, алайда Гран приді сатып әперді деген сөз жалған екенін атап өтті  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Әлем ханымы атанған Жұлдыз Әбдікәрімова ел арасында байқауды Қайрат Нұртас сатып алды дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қайраттың үлесі көп. Себебі, ең алдымен, оның қолдауы болды. Одан кейін әрине, байқаудың балалы болу керек деген бір шарты бар ғой. Бұл жерде де Қайраттың үлесі жоғары деп ойлаймын (күлді). Сондықтан үлкен рақмет айтамын. Ал ел аузында жүрген қауесеттерге келсек, дауыс берген қарапайым халық өзі біледі деп айтар едім. Күнде дауыс беріп жүрген қаншама жандар бар. Оның ақылы емес екенін бәрі біледі. Сондықтан оны әркімнің өз санасына қалдырамын", - деді Әбдікәрімова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз: Әлем ханымы атанған Жұлдыз Әбдікәрімова Болгариядан келген тәжін киді 

Айта кетейік, бүгін Жұлдыз Әбдікәрімоваға байқаудың лентасы мен тәжі ресми түрде табысталды. Оларды ұйымдастырушылар Болгариядан поштамен жіберген.

Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 86 адам қатысты.