НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ескерткіш тұғырда қолына өкпенің рентгенографиясын ұстаған дәрігердің мүсіні бейнеленген. Бұл өкпеге әсер ететін коронавирус инфекциясын меңзесе керек.
Фотоайғақ: Нұр-Сұлтанда дәрігерлер құрметіне ескерткіш орнатылды
© Sputnik / Владислав Воднев
Жаңа ескерткіш Әуезов және Дүкенұлы көшесінің қиылысындағы жедел жәрдем ғимаратына қарсы орнатылған.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, бұл іспен "Сарыарқа" ауданының әкімдігі айналысқан. Алайда, ескерткіштің авторы кім екені белгісіз.
Фотоайғақ: Нұр-Сұлтанда дәрігерлер құрметіне ескерткіш орнатылды
© Sputnik / Владислав Воднев
Sputnik Қазақстан толық ақпарат алу үшін қала әкімдігіне арнайы хат жолдады.
Оқи отырыңыз: Қаһарман дәрігерлер: Нұр-Сұлтандағы қонақ үй қасбетіне дәрігерлер портреті ілінді