Қоғам

2020 жылдағы соңғы отырыс: Мамин әріптестеріне алғыс білдірді

Үкіметтің биылғы жылдағы қорытынды отырысы өтті. Премьер үкімет мүшелеріне белсенді жұмыс пен қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің осы жылдағы соңғы отырысын өткізіп, жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін, 29 желтоқсанда үкіметтің биылғы жылдағы қорытынды отырысы өтті. 

"Өздеріңізге белгілі, 2020 жыл – барлық мемлекет үшін күрделі болды. Пандемия бәрімізге үлкен сынақ болды. Қауіпті вирус халықтың тыныс-тіршілігінің барлық саласына түбегейлі өзгеріс әкелді. Әсіресе, халықтың денсаулығына әсер етті және экономикаға елеулі нұқсан келтірді", - деді Мамин. 

Дегенмен, айтуынша, қабылданған шаралар жаңа сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік беріп, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды және экономиканың негізгі салаларының орнықты өсімі қамтамасыз етілді.

Премьер үкімет мүшелеріне белсенді жұмыс пен қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.

Сөз соңында ол қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, табыс пен амандық тіледі.