АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Өскемен тұрғындары қан болып жатқан аялдама суретін желіге жүктеді. Өңірлік полиция департаменті аялдама ішінде не болғанын хабарлады.
Фотодан жылы аялдама ішінде, орындық маңында қан іздері анық көрініп тұр, деп хабарлайды YK-news.kz сайты.
"27 желтоқсанда 54 жастағы қала тұрғыны дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жүгінді. Ер адам мен танысы арасында жабық аялдамада жанжал шығып, төбелеспен аяқталған", - деп хабарлады полиция департаменті.
Қазір күдікті анықталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.