Видео

Ұлыбритания мен Еуроодақ Brexit сауда келісіміне қол қойды – видео

Лондон мен Брюссель арасындағы бөліну процесі ақыры аяқталды. Ұлыбритания мен Еуроодақ Brexit бойынша сауда келісімін жасады
Sputnik

Келісім тараптар арасындағы сауда, көлік, энергетика және басқа да салалардағы қатынастарды анықтайды.  

Екі мың беттен тұратын құжат 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бірақ алдымен оны Ұлыбритания мен ЕО парламенттері бекітуі керек.

2016 жылы Британия елдің Еуропалық одақтан шығуы туралы референдум өткізді. Британдықтардың көпшілігі Brexit деп аталатын келісімге дауыс берді.

Тараптар бөліну шарттарын бірнеше жыл бойы талқылады.