Фото

Спортшыдан супермодельге дейін: жылдың ең сұлу адамы рейтингіне кімдер енді – фото

Sputnik

TC Candler "100 ең әдемі тұлға" рейтингін 1990 жылдан бері жариялап келеді.

Үздік жүздік қатарында болу өте беделді болып саналатындықтан көптеген танымал тұлғалар мен жұлдыздар оған кіруге тырысады.

Осы жылы сұлулар қатарында италиялық теннисші Фабио Фоньини, супермодель Белла Хадид, қытайлық актриса Ni Ni, сымбатты Тони Габриэль Махфуд, Оңтүстік Кореяның BlackPink музыкалық тобының мүшесі Лиса бар. 

1 / 19
Бірінші орынды Оңтүстік Кореяның BlackPink музыкалық тобының мүшесі Лиса иеленді. Ол биыл Азиядағы әдемілердің көшін бастады. Лиса өткен жылы да рейтингте бірінші болған еді. Айта кетейік, ол Оңтүстік Корея мен Тайландта және Қытайда кеңінен танымал.
2 / 19
Неміс-америкалық модель Жасмин Сандерс жылдың ең сұлу адамдарының тізіміне енді. Оны "алтын Барби" деп те атайды.
3 / 19
Оңтүстік Корея актері Ли Мин Хо да рейтингке ілікті. Ол "Гүлден де әдемі балалар", "Қалалық аңшы" және "Мұрагерлер" сияқты туындыларда ерекше рөлімен танымал болды.
4 / 19
Жапондық әнші Нана Окада – AKB48, STU48 және Tentoumu Chu топтарының мүшесі. Мансабының бастапқы кезінде тым байсалды болған ол өзінің табандылығының арқасында соңғы жылдары ерекше имиджін қалыптастыра алды.
5 / 19
Валлийлік актер Люк Эванс та келбеті келістілердің тізіміне қосылды. Ол Питер Джексонның хоббит туралы трилогиясының екінші және үшінші бөлігінде садақшы Бард рөлімен кеңінен танылды.
6 / 19
Ирандық актриса Тарлан Парванех ұзақ жылдан бері өзінің көркімен танымал. Оның Instagram-дағы аккаунтында әлемнің түкпір-түкпірінен миллионнан астам қолданушы жазылған.
7 / 19
Испан-британдық актриса Милли Бобби Браун да рейтингке енді. Ол әйгілі "Очень странные дела" телехикаясындағы рөлі арқылы көрермендердің есінде қалды.
8 / 19
Вьетнамдық әнші Ноо Фыок Тхинның бүкіл әлем бойынша көптеген жанкүйері бар.
9 / 19
Актриса Эва Грин ең әдемі және талантты әртістер тізіміне ене отырып, көпшілікке қуаныш сыйлады.
10 / 19
Қытайлық актриса Ni Ni биыл да, өткен жылы да сұлулар тізімінен орын алды.
11 / 19
24 жастағы неміс суретшісі әрі модель, фотограф және блогер Тони Габриэль Махфуд – жылдың ең әдемі адамдары тізімінде.
12 / 19
Құрметті рейтингке модель Белла Хадид те кірді.
13 / 19
Оңтүстік кореялық BTS жастар тобының әншісі Чон Чонгук бұл тізімде бірнеше жылдан бері бар.
14 / 19
Биылғы жылы бразилиялық модель Лума Гротеннің сұлулығы да жоғары бағаланды.
15 / 19
Ресей өкілі биші Глеб Савченко да тізімнен тыс қалған жоқ.
16 / 19
Тізімге әнші Антониа Якобеску де енді.
17 / 19
Италиялық кәсіпқой теннисші Фабио Фоньини келбеті келісті жігіттер санатында.
18 / 19
Мәртебелі орын иеленгендердің қатарында мысырлық актриса Ясмин Сабри де бар.
19 / 19
Түрік актрисасы Фахрийе Эвчен де көрермендер көзайымына айналды.