Биыл Алматы әкімдігі жаңа жылға орай көшелердің безендірілмейтінін айтты, оған бөлінген ақша коронавируспен күреске жұмсалады. Сонымен қатар биыл мерекелік отшашу болмайды. Қаланың ішінде төрт шырша орнатылды.
Алайда кәсіпкерлік нысандар мен мейрамханалар, сауда ойын-сауық орталықтары жыл сайын дәстүрге айналған безендіру жұмыстарын жүргізді. Шыршалар орнатылып, қала халқы мен қонақтарына мерекелік шаттық сыйлауда. Шырша маңында фотоға түсіп жатқандардың да қарасы қалың.
Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы көшелерін аралап, тұрғындардың жаңа жылдық көңіл-күйін фотоға түсірді.