Қоғам

Бұрынғы әйелінің тұрмысқа шығатынын естіген ер адам оны өлтіріп кетті

Кісі өлтірді деген күдікті қамауға алынды, ол кінәсін мойындады. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазанда (Татарстан) ер адам бұрынғы әйелі басқа біреуге күйеуге шығатынын білген бойда оны өлтіріп кетті. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің Татарстандағы тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Андрей Шептицкий хабарлады.

Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты
Оның айтуынша, 38 жастағы Қазан тұрғыны өзінің бұрынғы әйелінің жоспарланған үйлену тойы туралы естіп, оның үйіне келіп, ұрып-соғып, балконда буындырып өлтірген. Ажырасқаннан кейін олар бір-бірімен араласпай, бөлек тұрған, деп жазды Татар-информ.

Әйелдің денесі кеше табылған. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ұсталды, ол өз кінәсін мойындады. Жақын арада қамауға алынады.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.