Әлем

Коронавирустың жаңа түрі Еуропаның сегіз елінде табылды

Коронавирустың "британиялық" штаммы тез тарап жатыр. ДДҰ өкілі адамдарды әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маска тағуға шақырды  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр. Ол сегіз елде анықталды, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге.

"Қолданыстағы қорғаныс шараларын күшейту өте маңызды", - деп жазды ол Twitter-де.

ДДҰ өкілі адамдарды әлеуметтік оқшауланудан аулақ болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маска тағуға шақырды.  

Оның айтуынша, COVID-19 індетінің жаңа штаммы жастар арасында таралып жатқан болуы мүмкін. Ол әзірге вирустың жаңа түрі зерттеліп жатқандықтан қырағылық қажет екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды 

Бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы анықталғаны белгілі болды. Ұлыбританияның жаңа және дамып келе жатқан респираторлық вирустық қауіп-қатерлер жөніндегі консультативтік кеңесі бұл штамм едәуір жылдам таралып жатқанын растады.

Коронавирустың жаңа түрі, алдын ала болжам бойынша, бұрынғысынан 70%-ке  жұқпалы болуы мүмкін екеніне қарамастан, оның өлімге немесе ауруханаға жату деңгейіне әсері туралы әлі ештеңе айтылмады.