НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан — Sputnik. Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Спортшы неке қию рәсімі кезінде түсірілген суретті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын", - деп жазды ол.
Еске сала кетсек, қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін желіде ең "сымбатты" спортшы ретінде танылды.
Бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтты. Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көретінін жасырмады.
Ал Алтынбекова: "Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттағы мақсаттарына қол жеткізетініне күмәнім жоқ", - деп жауап берді.
Ол Қуатты өмірінде бір-ақ рет көргенін де айтқан болатын.
Сонымен қатар бойжеткен өмірде адамның өз таңдауына адал болуы маңызды екенін жазды. Оның басты мақсаты – лайықты өмір сүру.