НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресейде 2021 жылы ғылым және технологиялар жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады РИА Новости.
"Ресей Федерациясында ғылым мен технологияларды одан әрі дамыту мақсатында 2021 жылы РФ-да Ғылым және технологиялар жылын өткізуге қаулы етемін", - делінген құжатта.
Ресей Федерациясы президентінің әкімшілігіне 25 желтоқсанға дейін Ғылым және технологиялар жылын өткізуге арналған ұйымдастыру комитетін құрып, оның құрамын бекіту тапсырылды.
РФ премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Чернышенко мен РФ президентінің көмекшісі Андрей Фурсенко Ресей Федерациясындағы Ғылым және технологиялар жылын ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы болып тағайындалды.