НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда орыс жазушысы Федор Достоевскийдің 200 жылдығына арналған көрме ашылды. Оны Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы Санкт-Петербургтегі Достоевский мемориалдық музейімен бірлесіп ұйымдастырды.
Экспозиция 16 қаңтарға дейін барлық келушіге ашық болады, кіру тегін, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға РҒМО баспасөз қызметі.
Көрме 2021 жылы 200 жылдық мерейтойы бүкіл әлемде кеңінен аталып өтетін Федор Михайлович Достоевскийдің мерейтойына арналған іс-шаралар топтамасын ашты.
Көрменің ашылуына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 мектеп-гимназияның оқушысы Аракелян Елизавета Ф.М.Достоевскийдің әңгімесін арнайы видеоға жазды, ол жақын арада "Вслух" жобасы аясында аудиокітап форматында ұсынылады.
Көрмеге негізінен Санкт-Петербургтің талантты суретшілері Ника Велегжанинова мен Игорь Князевтің суреттері қойылды.
"Шын мәнінде, мұнда "Қылмыс пен жаза","Нақұрыс", "Ағайынды Карамазовтар", "Ойыншы" сияқты Достоевскийдің ең әйгілі шығармалары суретпен сипатталады ", - деді РҒМО мәдени бағдарламаларының үйлестірушісі Ольга Скальчук.
Көрмені кім аралап үлгерді
"Достоевские раскраски" интерактивті көрмесінің алғашқы келушілері 24 желтоқсанда Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында өткен "Шырша жанындағы Жаңа жылдық кеш" концертінің көрермендері болды.
Тыңдармандар алдында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік филармониясының және "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солистері өнер көрсетті.