Фото

Сирек кездесетін құбылыс: Юпитер мен Сатурн Жерден қалай көрінді – фото

Sputnik

Астрономия әлеміне қызығатындар сирек кездесетін табиғат құбылысының суреттерімен бөлісуде. Мұның сыры сол, араға жүздеген жыл салып Сатурн мен Юпитер планетасы бір-біріне минималды арақашықтықта жақындады.

Кәсіби фототехникалық жабдықтар мен телескоптардың көмегімен ғаламшарлардың мұндай "кездесуі" әлемнің әр түкпірінен түсірілді.

Тіпті, кейбір кадрларда Сатурнның сақиналары да анық көрінеді.

Күн жүйесіндегі ең үлкен планеталар – Сатурн мен Юпитердің бір-біріне жақындауы ғарыштық өлшемдер бойынша өте аз қашықтықта болды. Яғни, 750 миллион шақырым.

Жерден қарағанда олар бір аспан денесіне ұқсады.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай ғарыштық құбылыс соңғы рет 1623 жылы шілде айында болған. Ал кейбір астрономдар 800 жыл бұрынғы уақытқа кейін шегініп, орта ғасырлардағы "Ұлы жақындасу" күнін, яғни 1226 жылдың 4 наурызы дегенді алға тартты.

Оқи отырыңыз: Сүйіспеншілік пен шеберлік және тылсым дүние: қуыршақтар қалай жасалады – фото

Олардың айтуынша, планеталардың бір-біріне едәуір қашықтықта жақындасуы әрбір жиырма жыл сайын қайталанып тұратын көрінеді. Ал мұндай құбылыс Юпитердің Күнді он екі жыл сайын, ал Сатурнды – отыз жыл сайын айналып өтуімен байланысты.

Астрономдардың пікірінше, 2020 жылы алып планеталарының "ғажайып қозғалысын" 25 желтоқсанға дейін тамашалауға болады.

1 / 9
Бірегей астрономиялық құбылысты 25 желтоқсанға дейінгі соңғы 2-3 тәуліктің түнгі мезгілінде көруге болады. Юпитер мен Сатурнның АҚШ-тағы Канзас штатының үстінде "кездесуі".
2 / 9
Түнгі аспанда ол жарқын қос жұлдызға ұқсады. Юпитер мен Сатурн өзара жақындасқан сәт. Сурет Мексика аймағынан түсірілген.
3 / 9
Бұл ғарыштық құбылыс бірнеше жүз жылдан кейін енді қайталанып отыр. Үндістанда адамдар Юпитер мен Сатурнның жақындасқан сәтін тамашалап тұр.
4 / 9
Планеталардың астрономиядағы байланысы – бұл олардың аспан сферасында бір-біріне жақындау сәті. Алайда, планеталар арасында үлкен қашықтық болуы мүмкін. АҚШ-тағы Юпитер мен Сатурнның түйісуін тамашалау.
5 / 9
2020 жылы алып планеталар ғарыштық өлшемдер бойынша өте аз қашықтықта – 750 миллион шақырымдық аралықта жақындасты. АҚШ-тың Канзас штатындағы мүсін алдынан Юпитер мен Сатурн түсірілген сурет.
6 / 9
Кеше кешке Сатурн мен Юпитердің арасы небәрі 6 доғалық минутты құрады. Юпитер мен Сатурнның түйісуін Кувейт жерінен бақылау.
7 / 9
Сондай-ақ, ғалымдар Юпитер мен Сатурнның дәл осындай жақындасуы киелі жазбалардағы Вифлеем жұлдызының нұсқасы дегенді де алға тартады. Алып планеталардың жақындасқан сәті АҚШ-тың Калифорния штатында осылай көрінді.
8 / 9
Олардың есептеуі бойынша осылайша "Планеталардың ұлы түйісуі" Иса Мәсіхтің туған күніне тұспа-тұс келді. Мексикада Юпитер мен Сатурнның жақындағанын бақылап тұрған адамдар.
9 / 9
Ғалымдар ғаламшарлардың келесі жақындасуы 2080 жылдың наурыз айының ортасында қайталанады деп болжайды.