Әлем

"Ресей агрессиясына" қатысты АҚШ айтпаған сыр

АҚШ тағы да Ресейді жер маңындағы кеңістіктегі кезекті "күнәларға" айыптап отыр. Олардың қатарында спутниктік жасақтарды жою, зымырандық шабуылға қарсы қорғаныс жүйесін бейтараптандыру және ғарыштан Жерге соққы жасау бар
Sputnik

Пентагондағылар жақында Мәскеу сынақтан өткізген зымыранға қарсы жүйе ядролық оқтұмсықтарға тосқауыл жасау үшін емес, жер серіктерін жоюға арналған деп мәлімдеді. Сондай-ақ, америкалықтар орбитада әрекет ететін өздерінің қару-жарақтарын әзірлеу туралы ләм-мим деп жақ ашпай отыр. Ал олардың саны аз емес, деп жазады РИА Новости. 

Бүгінде "Күзетшілер" деп аталатын АҚШ Ғарыш қолбасшылығының әскерилері Ресейдегі спутникке қарсы зымырандарды сынақтан өткізу туралы тұрақты хабарлап отыр. Соңғы рет АҚШ Қорғаныс министрлігі мұндай мәліметті сәуір айында ұсынған болатын. Вашингтон ресейлік жүйенің барлығы сегіз сынағы жайлы ақпарат берді.

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді - видео
Америкалықтар А-235 "Нудоль" атты зымыранға және ғарышқа қарсы шабуылдан қорғаныс жүйесін меңзесе керек-ті. Оған Пентагон PL-19 индексін тағайындаған болатын. Бұл Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенінің ең аса құпия әзірлемелерінің бірі.

"Нудоль" Мәскеу мен Орталық өнеркәсіптік ауданды қорғайтын А-135 "Амур" зымыранға қарсы шабуылдан қорғаныс жүйесін алмастырады деп болжануда. Жаңа зымыранға қарсы жүйені сынау 2014 жылы Плесецк полигонында басталды. А-235 үшін негізгі нысандар – құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шабуылдаушы оқтұмсықтары. Қашықтығы бір жарым мың километрден асады. Тосқауылдаушылардың жылдамдығы Махтың ондық сандарына жетеді.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың айтуынша, АҚШ зымыранға қарсы шабуылға бағытталған бұл қорғаныс жүйесіне алаңдаулы. Себебі, олар жүйенің оқтұмсық бөлігінің әрекет ету принципін әлі толық түсінбеен.

"Олар бұған дейінгі А-135 жүйесінде баллистикалық зымырандардың жаппай шабуылын көрсетуге болатын термоядролық оқтұмсық болғанын біледі, – деп түсіндірді Леонков. – "Нудоль" әлдеқа     да заманауи. Ол шамамен 1600 шақырым биіктікке соққы жасайды. Біз оның оның жауынгерлік бөлігін құпия сақтап отырмыз. Сондықтан америкалықтар оны термоядролық деп атап отыр. Мен мұны жоққа шығармаймын: АҚШ-тың жаһандық соққы жасау тұжырымдамасы зымырандарды жаппай қолдануды көздейді. Бұған қарсы тұру үшін ядролық оқтұмсықтары бар жүйелер қажет".

Ресейге қатысты қарсылық білдіріп жатқан америкалықтардың өздері орбитадағы соғыс әрекеттеріне белсенді дайындалып жатыр. Олардың Мәскеу мен Бейжің ұсынған ғарыш кеңістігіндегі қару-жараққа бақылау жүргізу туралы халықаралық келіссөздер процесіне кедергі жасауы да тегін емес.

Бейнебір Ресей мен Қытайдан шыққан деп таралған қауіпке жауап ретінде Пентагон бүтіндей бір "Ғарыштағы қорғаныс стратегиясын" әзірледі. Негізгі идея: қарсыластан стратегиялық артықшылыққа ие болу үшін жердің айналасындағы орбитаны басып алу және оны бақылауда ұстау. Стратегия авторларының пікірінше, бұл соғыс операцияларын жоспарлау мен жүргізу кезіндегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Әзірге америкалықтардың орбитадағы басты қаруы - Жер серіктері. Соңғы жылдары Пентагон бұған үлкен көңіл бөлуде: олар қорғайтын және шабуылдайтын ғарыш аппараттарын белсенді әзірлеп жатыр.

Америкалықтар әскерді басқару, байланыс және барлаудығ негізгі құралдарын ғарышқа орналастырғаны белгілі. Ең қарапайым есептеулер бойынша қазір олардың мыңға жуық аппараты орбитада жүр.

Қазақстан  мен Ресей премьерлері өнеркәсіп саласындағы жобаларды талқылады
Сонымен қатар, жақын болашақта АҚШ шағын арзан жер серіктерінің өндірісі және оларды ғарышқа ұшыруды жолға қоюды көздеп отыр. Мысалы, Келешекті зерттеулер агенттігінің DARPA Blackjack бағдарламасы туралы айтылды. Оның аясында орбитаға бір желімен байланысқан бірнеше жүздеген шағын көлемді аппараттарды шығару жоспарланған. Пентагон оларды зымыранға қарсы шабуылдан қорғаныс жүйелерінде, сондай-ақ, кең жолақты байланыс немесе навигация үшін қолдануы мүмкін.

Ұзақ уақыт бойы орбитада тұра алатын X-37B шағын шаттлының мақсаты әлі де толық түсініксіз. Соңғы сынақ ұшуында бұл құрылғы екі жылдан астам ғарышта болды. Кейбір сарапшылар X-37B шағын көлемді барлау спутниктерінің тасымалдаушысы екеніне сенімді.

Пентагонның сол баяғы "ғарыштағы Ресей мен Қытайдың агрессиясын" жамылып, Жердің үстінде нағыз соққы жасайтын қаруды орналастыратын күн де алыс емес екені анық.

Леонков атап өткендей, соңғы жылдары америкалықтар ғарыштық қаруландырудың екі негізгі түрімен айналысады: кинетикалық және энергетикалық. Мұның біріншісі баллистикалық және гипердыбысты зымырандарды жоюға арналған. Мысалы, MultipleKillVehicle - шағын тосқауылдаушылардың тасымалдаушысы. Оның бортына 6-дан 20-ға дейінгі спутникті-оқтұмсық орналастырылады.

"Ол баллистикалық зымырандардың ұшырылуын анықтаған кезде жасанды интеллект шабуыл жасау туралы өз бетінше шешім қабылдайды. Тосқауылдаушылар іске қосылып, нысандарды жояды. Сонымен қатар, тиісті түзетулер болған жағдайда бұл қару жердегі нысандарға да соққы жасай алады", - деді сарапшы.

Энергетикалық қаруға келер болсақ, америкалық инженерлер қазірдің өзінде Space-basedLazer бағдарламасының аясында ғарышта орналастырылатын сегіз мегаваттық химиялық лазер бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ғарышта осындай жиырма шақты платформаны орналастыру жоспарланып отыр.

Лазерлер баллистикалық және гипердыбысты зымырандарға тосқауыл болады деп болжануда. Ал, ауа-райы ашық болған кезде олар Жердегі стационарлық нысандарға да соққы жасай алады.