НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе полициясы 400 мың теңгеге "дуаны қайтару" ісін тергеп жатыр, деп хабарлады "Мой город" басылымы.
Полицияның мәліметінше, күдікті 40 жастағы сұлулық салонының қызметкерін 400 мың теңгеге (мың долларға жуық) үйіндегі дуаны қайтаруға көндірген. Сенгіш әйел ақшаны бірден "экстрасенске" берген. Дегенмен кейінірек алданғанын түсініп, полицияға арызданған.
35 жастағы күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция "балгер" әйелдің алаяқтық әрекетінен басқа да зардап шегушілердің бар-жоғын тексеріп жатыр.