Видео

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді - видео

АҚШ сауда министрлігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Қарулы күштермен байланысты 40-тан астам ресейлік ұйымға шектеу қойылды
Sputnik

Оларға экспортқа шектеу қойылады, атап айтқанда компаниялар америкалық кейбір тауар мен технологияны сатып ала алмайды. Санкция енгізілгендер тізіміне Ресейдің қорғаныс министрлігі, сыртқы барлау қызметі мен авиация, ғарыш және кеме жасау саласындағы бірқатар ірі кәсіпорын кірді. Олардың арасында "Сухой" және "Туполев" компаниялары, "МиГ", "Ростех", "Росатом" корпорациялары, сондай-ақ Роскосмос кәсіпорындары бар. "Союз" зымырандарын шығаратын "Прогресс" зымыран-ғарыш орталығына шектеу қойылды.