Қоғам

Қазақстан Тәжікстанға 100 жасанды тыныс алу аппаратын жіберді

Мобильді аппараттар Көкшетаудағы "Тыныс" зауытында құрастырылады. Кәсіпорын айына шамамен 500 құрылғы шығарады 
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Тәжікстанға автокөлікпен "Көкшетау-4П" жасанды тыныс алу мобильді аппараттарының 100 жиынтығын жіберді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді
Құрылғылар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Қазақстан үкіметінің "Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы" қаулысын орындау аясында жіберілді.

Еске сала кетейік, "Көкшетау-4П" аппараттары Көкшетаудағы "Тыныс" зауытында құрастырылады. Кәсіпорын айына шамамен 500 құрылғы шығарады. Ал бір аппараттың бағасы 750 мың теңгені құрайды. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді. Мысалы, оларды жедел жәрдемге орнатуға немесе үйде пайдалануға болады.