21 желтоқсанда Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян Әзербайжанмен іргелес жатқан Сюник облысына барды. Бұл аймақ БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес соңғы уақытта шиеленіс аймағына айналған. Қауіпсіздік мақсатында жексенбіде облыс басшылығы тұрғындарды Армения әскери қызметшілері қорғайтын Сюник аумағынан шықпауға шақырды. Бейбіт тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ: Армения мен Әзербайжан шекарашылары ресейлік әріптестерімен бірлесіп, Сюник облысындағы Горис – Капан мемлекетаралық тасжолының Воротан – Дэвид Бек учаскесінде шекара жасақтарын орналастырып жатыр.
Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковтың Оңтүстік Кавказға қарқынды іссапары Армения, Әзербайжан және Ресей арасындағы жаңа үшжақты мемлекетаралық келісімдерге дайындық болуы мүмкін. Ресейдің шекаралық жауапкершілігі аймағын кеңейтуден басқа, Ереван мен Бакуде мемлекет билігіндегі әріптестер Әзербайжан аумағында Түркияның әскери араласуының күннен-күнге өсуін талқылауы ықтимал.
Бұған дейін Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар "әзербайжан бауырларға" көмек қолын созу және әскери қызметшілерді оқу-жаттығу арқылы пысықтау және бірлескен маневрлер түріндегі көмек жалғасатынын мәлімдеген болатын. Армениямен қарулы қақтығыстағы Анкараның бауырластық көмегін мінсіз көруге болмайды. Өйткені Түркия Солтүстік Атлантикалық Альянстың мүшесі болып табылады және ол негізінен ғаламшардағы энергетикалық ресурстарды өз бақылауына алуға тырысады.
Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары "Әзербайжанның ауқымды материалдық және адам ресурстарының есебінен жеткен жеңісі ... болашақ әскери операциялар үшін қызықты" деп атап өтеді. Мұнда сөз тек электронды соғыс құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен артиллерия жүйелері, соғыс кезінде әуедегі шабуылға қарсы соққы жасау құралдарының қоры болуының, барлау және нысанаға алу құралдарымен ықпалдасу әрекетінің маңыздылығы туралы болып отырған жоқ. Қарабақтағы қақтығыс жаңа жедел тұжырымдамалардың қажеттілігін және платформалық бейімделген күш құрылымнан сетецентрикалыққа көшу маңыздылығын көрсетті.
Алдағы онжылдықтарда жоғары қарқынды соғыста ескірген және жаңа технологияны жақсы үйлестірген шағын, орта және ірі державалардың қарулы күштері басқалардан басым болады. Жақсы дайындалған және жақсы жабдықталған әскерлер әрдайым тәртіпке бағығнбаған әскерлерді заманауи технологиялық артықшылығына қарамастан жеңе алады.
Бұған дейін Армения сыртқы істер министрлігі соғыс позицияларын нақтылау шекараларды белгілеу қажеттілігімен байланысты екенін атап өтті. Бұл – бір бөлігі бұрын мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының құрамына кірген және Баку бақылауындағы Армениямен шекаралас территория.
Осы қиын жағдайда Ресей шекарашыларының бітімгершілік рөлі айқын: олар ықтимал қарулы қақтығыстардан сақтандыруда.
Армения мен Әзербайжан арасындағы Сюник облысының учаскесіндегі және Зангелан мен Кубатлы елді мекендеріндегі мемлекеттік шекараны нақтылау "кеңестік" 21 шақырымдық жол учаскесі екі республиканың егемендігі мен аумақтық тұтастығының қолданыстағы конфигурациясына сәйкес келмеуімен күрделенуде. Бұл демаркация процесі КСРО карталары бойынша орындалып жатыр. Ол алдағы күндері аяқталып, армян-әзербайжан шекарасындағы тасжолдағы қозғалыстың қауіпсіздігін кепілдендіретін болады. Бұл мақсатқа ресейлік шекарашылар да жұмылдырылады.
Осы мақсатта Ресей ФҚК директоры Александр Бортников 18 желтоқсанда Ереван мен Бакуде болып, армяндардың премьер-министрі Пашинянға және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке шекараларды нақтылау және белгілеу мен өңірде бейбітшілік орнатуда Мәскеу ұстанымын жеткізді.
Армения аумағында Таулы Қарабақ оқиғасы өршіген қыркүйек айына дейін Ресей ФҚК төрт шекара жасағы болған. Барлығы 4500 адам. Армян-түрік шекарасын күзету басты назарда болды. 9 қарашадағы үшжақты келісімшарт ресейлік әскерилерге қосымша міндеттер жүктегені де жасырын емес.
Қараша айының соңында Армения Республикасының шекара қауіпсіздігін нығайту мақсатында, Таулы Қарабақта бейбітшілікті қолдау шаралары және армян тарапының өтініші бойынша ФҚК Шекара басқармасы Арменияға тағы 188 әскери қызметші жөнелтті. Бүгінгі күні Ресей ФҚК аймақтық басқармасының жаңа күштерінің пайда болу ықтималдығы жоғары.