Қоғам

Назарбаев қазақстандық бизнесменге орден табыс етті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық кәсіпкердің елді дамыту ісіне қосқан үлесін ерекше атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. "BSB" Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы" ЖШС президенті Рашит Сәрсенов "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Шығыс Қазақстанды бөліп алып, басқа мемлекет құрғысы келді – Назарбаев
Кәсіпкерге мемлекеттік награданы Назарбаевтың өзі табыс етті.

Елбасы орденді тапсыра отырып, отандық бизнесменнің елімізді дамыту және өркендету ісіндегі еңбегін ерекше атап өтті.

Рашит Сәрсенов кім

Рашит Темірболатұлы Сәрсенов – қазақстандық кәсіпкер. 1949 жылы Көкшетауда туған.

1992 жылдан бері – "BSB" корпорациясының президенті.

Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша ол Қазақстанның 50 бай бизнесменінің қатарына кіреді. 2020 жылдың қазанында оның дәулеті 632 миллион долларға бағаланды.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Сәрсеновке "Нұрбанк" АҚ акцияларының 85%-і, "Виктория" сақтандыру компаниясының 100%-і және Helios жанар-жағармай құю станциялары желісі тиесілі.