Қоғам

Астана әкімі мұғалімдерге баспана қалай берілетінін айтты

"Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бағдарлама аясында үй алатындар қатарында әлеуметтік сала қызметкерлері де бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Қала әкімі Алтай Көлгінов елордалық мұғалімдерді әлеуметтік қолдау туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ке өседі. Сондай-ақ, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша да шаралар қабылдануда.

"Біз "Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесіп мың әлеуметтік пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Олардың арасында білім саласының қызметкерлері де бар. Ал тұрғын үй сертификаттары өтеусіз негізде беріледі", – деп жазды Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, елорда басшысы білім беру саласындағы қызметкерлер арасында біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы да хабарлады. 

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу үшін қалада семинарлар мен шеберлік сыныптары өткізіледі. Кембридж университетімен бірлесіп, Share бағдарламасы бес мектепте іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша мұғалімдер шетелде жаңа білім ала алады. Бағдарлама келесі жылы жалғасады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты

Айта кетейік, қала әкімшілігі алдағы бес жыл ішінде 50 жаңа мемлекеттік мектеп салу жоспарланып отыр.