Өңірлер

Алматы облысында жолдың бойынан бала табылды: оқиға қалай болды

Ер адам жолда тоқтап, баланы видеоға түсірді. Ол желі қолданушыларынан ата-анасын табуға көмектесуді сұраған болатын
Sputnik

ТАЛДЫКОРГАН, 22 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысында полицейлер елсіз далада жолдың бойынан табылған баланың анасын анықтады, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

44 жастағы өзбекстандық әйел шаруа қожалықтарының бірінде тұрған. Сол күні көрші шаруа қожалығына барып, ұлын көлікте қалдырған. Бала анасы келгенше жолдың бойына шығып кеткен. Бес жасар бүлдіршінді көлік жүргізушісі көріп қалды.

Ер адам тоқтап баланы видеоға түсіріп, желі қолданушыларынан ата-анасын табуға көмектесуді сұрады. Ол баланы екі шақырым жердегі шаруа қожалығына апарып, анасын тауып алды. 

"Ювеналды полиция кәмелеттік жасқа толмаған балаға тиісті деңгейде қарамағаны үшін әйелді әкімшілік жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге алғыс білдіріп, алдағы уақытта азаматтық ұстанымы үшін марапаттайтынын жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)