Әлем

Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады

Қызылмия тамырында кездесетін глицирризин қышқылы коронавирусты басады, сонымен қатар адамдар үшін қауіпсіз
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Германиялық ғалымдар коронавирусты жоятын табиғи дәріні атады.

Эссендегі университет клиникасының мамандары өздері жүргізген зерттеудің нәтижесін bioRxiv порталында жариялады.

Жұмыс авторларының айтуынша, қызылмия тамырында болатын глицирризин қышқылы вирусты бәсеңдете алады.

Оқи отырыңыз: Дәрігер коронавирустан қорғайтын көкөніс пен жеміс-жидек түрлерін атады 

Неміс ғалымдары қызылмия тамырының сулы сығындысы бейтараптандырғыш әсерге ие деген қорытындыға келді.

Зерттеуге глицирризин қышқылының адам ағзасына қауіпсіз екендігі және оңай сіңетіні айтылған. Оның қабынуға қарсы қасиеті де дәлелденіпті.