Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы он адам қайтыс болды

Пандемия басталғалы 147 975 адам инфекция жұқтырып, 2 200 науқас көз жұмса, 132 427 пацинет жазылып шықты
Sputnik

АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде алты адам коронавирустан, төрт адам пневмониядан көз жұмды.

Өткен тәулікте 190 адам пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері 44 604 адам пневмониямен ауырып, 479 адам қайтыс болды. 32 347 адам жазылып шықты.

Ал өткен бір тәулік ішінде 739 адам коронавирус жұқтырды. Пандемия басталғалы 147 975 адам инфекция жұқтырып, 2 200 науқас көз жұмды. 132 427 пациент жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады

Қазіргі кезде 25 126 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 4 384 адам стационарларда, 20 742 адам амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

Науқастардың ішінде 250 адамның жағдайы ауыр, 47 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.