Өңірлер

Атыраулық әйел екі баласын жалға алынған пәтерде тастап кетті

Бұған дейін балалар бейімдеу орталығында да болған. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиісті деңгейде қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Атырау қаласының жұмыссыз тұрғыны жалға алынған пәтерде  екі баласын тастап кетіп қалды. 

"Мой город" басылымының ақпаратына сәйкес, әйел өткен жылдың қазан айында пәтерді жалға алған. Ол бес және үш жасар екі қызымен бірге тұрған.

Ал бірнеше күн бұрын Ақтауда тұратын 18 жастағы қызы полицияға барды. Бойжеткеннің айтуынша, анасы хабарласып, сіңлілеріне қарауын сұраған.

Бұдан соң әйел хабар ошарсыз кетті. Соңғы рет оны 5 қарашада жалға алынған пәтерде көрген.

Бұған дейін балалар бейімдеу орталығында да болған. Әйел кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиісті деңгейде қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

Қазір балалар тағы да бейімдеу орталығына жеткізілді. Тиісті органдар әйелді ата-ана құқығынан айыру үшін қажетті деректер жинап жатыр.