ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 желтоқсан — Sputnik. Жаркент қаласындағы жекеменшік балабақшада өрт шықты, деп хабарлайды Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға "Дана Бала" балабақшасында болған. Мекеме асханасының шатыры отқа оранды. Өрт 40-45 минутта тоқтатылып, ауыздықталды.
"Өрт аумағы 90 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер жеткенше қызметкерлер балаларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Жалынды ауыздықтау үшін үш арнайы техника жұмылдырылды", - деді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жаркентте балабақшадан өрт шықты
© Photo : ДЧС Алматинской области
Ведомствода өрт зертханасы төтенше оқиға себебін анықтайтынын хабарлады.