Фото

Қар сиқыры: әлем елдеріндегі қысқы ғажайып көріністер – фото

Sputnik

Қазір жер жүзінің басым бөлігінде қар жауып, әлем ақ жамылған шақ. Қарлы боран мен аязға қарамастан, көптеген адамдар үшін бұл сүйікті маусым. Орман-тоғайлар мен алқаптар ақ көрпеге оранып, өзен бетін мөлдір мұз жапқан кезде айналаның бәрі ертегіге айналады.

Біздің бүгінгі топтамамызда әлемнің әр қиырындағы қалаларда түсірілген кадрлар бар. Нағыз қыстың әдемілігі көз тартып, көңілдерге қуаныш сыйлайды. Өйткені, ауа-райы қатал болатын қарлы боранына қарамастан, жылдың осы мезгілінің өзіндік ерекшелігі бар.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік айбыны: Көк туымыз қашан және қай жерлерде желбіреді – фото

Sputnik Қазақстанның фотосуреттер топтамасынан планетамыздың әр түкпірінде қыс қалай өтіп жатқанын тамашалаңыз.

1 / 14
Шотландияның Питлохри қаласындағы қыраумен көмкерілген Atholl Palace қонақ үйінің көрінісі.
2 / 14
Қар жауған кезде Қызыл алаңда жүрген адамдар. Мәскеу.
3 / 14
Орманды қырау шалған шақ. Германия, Франкфурт.
4 / 14
Кабулда қар жауып, ауған балалары асыр салып ойнап жүр.
5 / 14
Үндістанның Юсмарг қаласына да қар түсті.
6 / 14
Швейцарияның Альбиспас қаласында алғашқы қар жауып, адамдар шанамен сырғанаған кез.
7 / 14
Кабулда қар жауып, ер адам велосипед теуіп жүр. Ауғанстан.
8 / 14
Зальцбург маңындағы Обертауэрнге қар қалың түсті. Австрия.
9 / 14
Лигурияның Сасселло ауылындағы қысқы көрініс. Италия.
10 / 14
Норильскідегі қар жамылған көше. Қараша айында қалада қардың 2 айлық нормасы түсті.
11 / 14
Новосібір өңірінде күздік дақылдар өсетін алқапты қар басты.
12 / 14
Солтүстік Йоркширдегі төбенің басында жүрген қой.
13 / 14
Прагадағы Карл көпірі. Чехия.
14 / 14
Қар жауған кезде Софияда велосипедпен жүрген адам. Болгария.