Әлем

Мәскеуді ядролық соққыдан не құтқарып қалды

Бұл ядролық құрылғылар қиян-кескі соғыс кезінде КСРО-ның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келді: тура 40 жыл бұрын, 1980 жылғы 17 желтоқсанда жетілдірілген үш континентаралық баллистикалық зымыран - РС-16Б, РС-18Б и РС-20Б қаруландыру саласына қабылданды
Sputnik

Ол жылдары АҚШ билігіне Рональд Рейган келіп, Мәскеумен тікелей текетіреске түсті. Алайда, Кеңес  Одағында жаңа континентаралық баллистикалық зымырандардың пайда болуы олардың қақтығысқа деген қарқынын басса керек, деп жазады РИА Новости. 

Стратегиялық мақсаттағы зымырандық әскери күштер тарихындағы ең үлкен континентаралық баллистикалық зымыран – РС-10 1960-шы жылдардың соңында қарулануға қабылданды. Ол жеңіл (0,5 мегатонна) және ауыр (1,1 мегатонна) қаруды сәйкесінше 10,5 және 5 мың километрге лақтыра алды. Алайда, АҚШ-а жалғыз оқтұмсыққа тосқауыл жасайтын зымыранға қарсы қорғаныс жүйе бар болды. Сондықтан, бір тасымалдағышта бірнеше оқ ату бөлігі болғаны оңтайлы еді.

Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  
Алғашқы "көптұмсықты" зымыран – РС-16А. Көлемі бойынша ол Р-10-ға ұқсас болғандықтан, жаңа қондырғылар орнату қажет болмады. Соққы жасау бөлігі әрқайсысының қуаты 0,5-тен 0,75 мегатоннаға дейінгі төрт блокпен жабдықталған. Осылайша, бір рет іске қосу арқылы кеңестік стратегиялық зымыран күштері жау аймағында бірнеше "Хиросиманы" ұйымдастыра алады. Қашықтығы - 10-11 мың километрді құрайды. РС-16A Американың кез-келген қаласына жете алатын еді. Алайда, жоғары дәлдігінің төмендігі секілді кемшіліктер де болды.

Сипаттамалары жетілдірілген Р-16Б зымыранын әзірлеу 1976 жылы басталды. Оның сыртқы түрі бойынша алдыңғы нұсқадан еш айырмашылығы болған жоқ. Ал, нысананы дәлдеу мүмкіндігі екі есе артты.

Р-16б зымыранына "Меридиан" автономдық борттық дәлдеу жүйесі орнатылды. Ол жүйе іске қосу позициясының жанында ядролық қару жарылса да траекторияға шығуға мүмкіндік берді. Бұл ықтимал қарсыластың бірінші соққысы жасауы кезінде континентаралық баллистикалық зымыранның істен шықпауын қамтамасыз етті. 80-шы жылдары қос модификациядағы барлығы 150 жинақ РС-16 әзірленді.

Шахталы КБЗ бар РС-18А алғашқы жасағы 70-шы жылдардың ортасына қарай жауынгерлік кезекшілікке түсті. Зымыран әрқайсысының қуаттылығы 750 килотонна болатын алты оқтұмсықты, сондай-ақ зымыранға қарсы қорғанысқа төтеп беруге арналған құралдар кешенін алып жүрді. Қашықтық он мың шақырымды құрайды. Жаудың қорғанысын бұзып өткен бір ғана РС-18А орасан зор зиян келтіре алды. Пентагон мұны АҚШ қауіпсіздігіне төнетін негізгі қатерлердің бірі ретінде қарастырды.

РС-18Б зымыранын жетілдіру барысында қозғалтқыштары әлдеқайда сенімді үлгіге ауыстырылып, басқарудың үздік жүйесімен және жауынгерлік жасақтамамен қамтамасыз етілді.  Стратегиялық мақсаттағы зымырандық әскери күштер 1980 жылдары осы зымыранға бет бұрғанымен, жауынгерлік кезекшілікке 360 зымыран қойылды.

Ресейдің стратегиялық ядролық күштерінің әлеуеті қандай?
Бұл қару әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Дәл осы РС-18Б "Авангард" аса жылдам соғыс блоктарын тасымалдап жүр. Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, зымырандық жасақтардың бірі толық "Авангардтармен" жабдықталған.

Ал, РС-20А зымыраны қарулану саласына 1975 жылы қабылданды. Ол көпшілікке "Сатана" атымен белгілі. Бұл әлемдегі ең қуатты континентаралық баллистикалық зымыран болған еді.

Қару зымыранға қарсы заманауи қорғаныс жүйелерімен қорғалған нысандардың барлық түрлерін жоюға арналған және үш нұсқада әзірленді: қуаты сегіз мегатонна және ұшу диапазоны 16 мың шақырымды құрайтын моноблок, 20 мегатонналық оқтұмсық пен 11 мың шақырым қашықтыққа ұша алатын моноблок, сондай-ақ ажыратылатын оқтұмсықты нұсқа.

Зымыранның онсыз да мінсіз екеніне қарамастан, артынша-ақ оны жетілдурі бойынша жұмыстар қызу басталып кетті. Осылайша, РС-20Б зымыраны онға дейін  жауынгерлік блоктарын алып жүре алды және жер астындағы қорғалған бункерлерді, әскерді басқару орындарының көзін жоя алды.

Зымыранның орналасу және іске қосу қабілетін де сөз етуге болады. Оны көлікті іске қосу контейнерінің шахтасына орналастырып, оқтап, жауынгерлік кезекшілікке қойған. Іске қосылуға кететін уақыт бір минуттан сәл асады. РС-20Б шахтадан қысымның күкіртті аккумуляторын лақтырды. Қозғалтқыш әуеде іске қосылады.

Зымыранның келесі модификациясы – РС-20В. Оның дәлдігі өте жоғары, жауынгерлік блоктарды тұтату аумағы ұлғайтылды, іске қосуға дайындық уақыты қысқартылды. РС-20В әлі күнге дейін қарулану саласында тұр. Жақын уақытта оларды РС-28 "Сармат" ауыр зымырандары алмастыруы керек. Бұл зымырандар келесі жылы қарулы күштер құрамына кіреді деп жоспарлануда.