Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда "Bus lane" жолағы алынып тасталды

Қала бағытындағы автобус жолағы өзгеріссіз қалады. Бұл шара уәкілетті орган – Әкімшілік полиция департаментімен келісім бойынша қабылданды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Елорданың Қабанбай батыр даңғылындағы "Bus lane" жолағы алынып тасталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Семейде автобус жүргізушілері жолға шығудан бас тартты
"Қаланың жол торабының жүктемесін азайту үшін 20 желтоқсаннан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойымен Қосшы бағытында "Азия Парк" сауда ойын-сауық орталығынан айналмаға дейін автобус жолағы алынып тасталды", - делінген ресми хабарламада.

Осы орайда әкімдік елордаға кіретін автобус жолағының қала беретінін ескертті.  

"Қала бағытындағы автобус жолағы өзгеріссіз қалады. Бұл шара уәкілетті орган – Әкімшілік полиция департаментімен келісім бойынша қабылданды", - дейді әкімдік қызметкерлері.