Оқиға

Дәмханада 4 мың доллар және миллион теңгеге жуық ақша салынған рюкзакты ұрлап кетті

Полиция қызметкерлері күдікті қылмыс жасағаннан кейін Батыс Қазақстан облысына кетіп қалғанын анықтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбеде белгісіз біреу 4 мың доллар және миллион теңгеге жуық ақша салынған әйелдер рюкзагын ашық түрде ұрлап кетті.  

Оқиға 101 атқыштар бригадасы көшесіндегі кафелердің бірінде 15 желтоқсан күні түстен кейін болған.  

"24 жастағы қала тұрғыны патрульдік полиция жасақтарына үстел үстінде жатқан рюкзағында 4 100 АҚШ доллары, 824 мың теңге сомасында ақша болғандығын айтты. Жалпы шығын – 2,5 миллион теңге", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті. 

Қабылданған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті қылмыс жасағаннан кейін Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына кетіп қалғаны анықталды.  

Оқи отырыңыз: Астанада танымал экс-шенеунік сөмкеден ақша ұрлап, масқара болды 

Көрші облысқа жіберілген жедел уәкілдер Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.