ПАВЛОДАР, 20 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында тасжолда болған апат салдарынан бес адам көз жұмды, біреуі - бала, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апат жексенбі күндіз Павлодар-Қызылорда республикалық маңызы бар жолдың 201-ші шақырымында болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Subaru Outback, Lada Granta мен Тоyоtа Cаmry көліктері соқтығысты.
Салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен төрт жолаушы қайтыс болды, арасында бір бала бар.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Апаттың мән-жайы мен марқұмдардың аты-жөні анықталып жатыр.
Ішкі істер министрлігі ауа райы бұзылған кезде жолға шығудан бас тарту керектігін ескертіп отыр.