Қоғам

Головкин желіде видео жариялады

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғап шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметаға қарсы соңғы жекпе-жегінің айшықты сәттерінен видео жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   

Үш минуттық роликте GGG бокс кеші өткен жерге қалай келгенін және өзінің дайындығын көрсетті. Сондай-ақ, бірнеше нокдаун мен қарсылас команданың жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан сәті де бар.   

"The Big Drama Show is back!", - деді комментаторлардың бірі.

Ал Геннадий Головкиннің өзі кез келген мықты қарсыласпен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. Видеоның соңында "History made!" (Тарих жасалды!) деген жазу шығады.

Головкин титулдарын қорғап, рекорд орнатты – жекпе-жек видеосы

Айта кетейік, соңғы жекпе-жекте қазақстандық боксшы IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғап шықты. Бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады. Бұған дейін танымал боксшы Бернард Хопкинс IBF белбеуін 20 рет қорғаған. GGG одан асып түсті.  

Кешегі жекпе-жекте Головкин поляк боксшысы Камил Шереметаны бірнеше рет нокдаунға түсірді. Одан кейін оның командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин барша қазақстандықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады.