Әлем

Ирандық "Зомби Анджелина Джоли" бостандыққа шықты

Бойжеткен пластикалық операциялар нәтижесін суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегені үшін он жылға сотталған болатын
Sputnik

АЛМАТЫ, 19 желтоқсан – Sputnik. "Зомби Анджелина Джоли" ретінде танылған Instagram жұлдызы Фатеме Хишванд бостандыққа шықты. Бұған бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам тарапынан көрсетілген қысым септігін тигізді, деп хабарлайды The Mirror басылымы.

Бойжеткен үкім шығарылған соң бірер күннен кейін босатылды. Отбасы кепіл төлеуге мәжбүр болды.

Ирандық "Зомби Анджелина Джоли" бостандыққа шықты

Бастапқыда сот бойжеткенді босатуға рұқсат бермеді. Мақалада енді дәл осындай баппен сотталғандар кепіл төлеп, бостандыққа шыға алатыны жазылған.

Қазіргі уақытта" зомби қыз" Тегерандағы отбасына оралды.

Хишванд құдайға тіл тигізіп, арандатушылық жасап, зорлыққа үгіттегені, бұрыс жолмен ақша тауып, жастар арасында жемқорлықты насихаттағаны үшін айыпталған еді.

Ирандық "Зомби Анджелина Джоли" бостандыққа шықты

Бұған дейін бойжеткенді босату үшін желі арқылы голливудтық актриса Анджелина Джолиден көмек сұрағандар болғаны хабарланды.