Оқиға

Шымкентте екі жасар бала пойыз астына түсіп өлді

Бала анасымен бірге болған, олар тыйым салынған жерде вагондардың астынан өтіп кетуге әрекет жасаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте екі жасар бала пойыз астына түсіп өлді. Қайғылы оқиға вагондарды ауыстыру кезінде болған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Екі жасар бала анасымен бірге болған, олар тыйым салынған жерде вагондардың астынан өтіп кетуге әрекет жасаған.

Осы уақытта пойыз орнынан қозғалады, бүлдіршін бірінші және екінші вагонның астына түседі. Бала ауруханаға жетпей жан тапсырады.

Оқи отырыңыз: Оралда әйелді пойыз басып кетті

Осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.