Спорт

Головкин титулдарын қорғап, рекорд орнатты – жекпе-жек видеосы

Бірінші раундта-ақ қазақстандық боксшы Шереметаға жойқын соққы жасап, біраз есеңгіретті. Алайда төреші уақыт санай бастаған кезде поляк спортшы орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырды. Бірақ Головкин ерте ме, жоқ па қарсыласын жеңді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан - Sputnik. АҚШ-та Геннадий Головкин мен польшалық боксшы Камил Шереметаның жекпе-жегі өтті. 

Жерлесіміздің басымдығы бірінші раундтан-ақ көрінді. Ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші, төртінші және жетінші раундта да Шеремета құлап, қайта-қайта тұрумен болды.

GGG жекпе-жекті кез келген раундта аяқтауға әзір болғандай, алайда бокс жанкүйерлері үшін шоу жасағандай көрінді. Бірақ жетінші раундта Шеремета техникалық нокаутқа түсті. Оның командасы сегізінші раундқа шығудан бас тартты.

Головкин осымен IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғады. Бұл рекорд болып отыр.

Жекпе-жектен соң жерлес спортшы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жекпе-жек статистикасы

Головкин кәсіби карьерасында бұған дейін 40 кездесу өткізді, 38-інде жеңіске жетті (35 нокаутпен). Сауль Альвареспен бір жекпе-жегінде есеп тең болды. Бұдан соң дәл осы боксшыдан жеңілді.

Камил Шеремета 21 жекпе-жек өткізіп, бәрінде басым түскен. Бесеуінде қарсыласын нокаутқа түсірді.