Қоғам

Қазақстанда коронавирусқа қатысты жаңа деректер жарияланды

Өткен тәулікте 690 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың саны жағынан Павлодар облысы көш бастап тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда тағы 690 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өткен тәуліктегі мәлімет:  

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 54,
  • Алматы қаласы – 66,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақмола облысы – 57,
  • Ақтөбе облысы – 4,
  • Алматы облысы – 43,
  • Атырау облысы – 60,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 65,
  • Жамбыл облысы – 25,
  • Батыс Қазақстан облысы – 36,
  • Қарағанды облысы – 31,
  • Қостанай облысы – 68,
  • Қызылорда облысы – 2,
  • Маңғыстау облысы – 10,
  • Павлодар облысы – 98,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 64,
  • Түркістан облысы – 5.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 145 213.

Қазақстанда өткен тәулікте 561 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

17 желтоқсанда сондай-ақ коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққан 159 науқас тіркелді. 158 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері барлығы 44314 адам ауырып, оның 466-сы көз жұмды, ал жазылып шыққандардың саны 31 925-ке жетті.