Спорт

Әйгілі футболшы Роналду Головкинге жекпе-жек алдында қолдау көрсетті - видео

Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегі қазақстандық уақыт бойынша сенбі таңертең өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүргенін айтты.

"Мен үздіктердің бірі @gggboxing-тен бокс бойынша бірнеше кеңес алдым. Өз шеберлігін, шын мәнінде, шыңдаған адам. Оның осы жұмада @daznboxing-та өтетін жекпе-жегін тағатсыздана күтудемін", - деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, DAZN спорттық стримингтік сервисі Головкин мен Роналду кездескен боксерлік жаттығудың видеосын жариялады. Кейін олар сұқбат берген. Ролик коронавирус пандемиясы басталғанға дейін түсірілгенімен желіде таяуда ғана пайда болды.
АҚШ-та өтетін бокс кешін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Кештің басты жекпе-жегі - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шереметаның кездесуі. Әлемдік деңгейдегі спорттық оқиғаның трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат төртте басталады.
Спорт