Кездесу бағдарламасына Достастық аясындағы ынтымақтастық және коронавируспен күрес мәселелері енгізілді. Сонымен қатар бірқатар құжаттарға, соның ішінде екі бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Атап айтқанда, БҰҰ құрылғанына 75 жыл толуына орай және халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттар.
Саммитке қатысушылар елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік, мәдени салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.