Қоғам

Ғалымдар адамның бақытты болуы үшін не қажет екенін анықтады

Ғалымдар үй жанында құстар неғұрлым көп өмір сүрсе, адамдар соғұрлым өзін бақытты сезінетінін анықтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Калифорния политехникалық университетінің ғалымдары "жанды дауыстағы" немесе жазба нұсқада болса да құстардың сайрауы адамның өзін бақытты сезінуіне жағымды әсер етеді деген тұжырым жасады, деп хабарлайды Indepandet.

Мұны анықтау үшін ғалымдар арнайы эксперимент жүргізген. Яғни, Боулдер ашық кеңістігі мен Колорадо штатының саябағындағы соқпақ жолдың екі учаскесіне динамиктерді жасырып қойған. Сөйтіп, олар бірнеше апта бойы құстарды сайратып қойып, осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардан сұхбат алып отырған.

"Құстардың "әнін" естігендер қосымша дыбыссыз жүргенге қарағанда, өздерін әлдеқайда бақытты сезінгені туралы жиі айтты", – дейді эксперимент авторлары.

Зерттеуге қатысқан биолог Клинтон Фрэнсис нақты нәтиже үшін 7-10 минуттық дыбыстардың әсер етуі жеткілікті болғанын айтады.

Сондықтан да ғалымдар – өзге жерлерге қарағанда, құстары көп табиғи аумақта адамдар өздерін жақсы сезініп, бақытты өмір сүреді деген тұжырым жасаған.

"Біздің нәтижелер парк менеджерлеріне шуылдың антропогендік ластануын төмендету қажеттігін көрсетеді. Бұл келушілердің таңданысын тудырып қана қоймай, жабайы табиғатқа да пайдасын тигізеді", – дейді эксперимент жетекшісі Даниэль Ферраро.

Оқи отырыңыз: Құстар мен жануарлардың көзі бейнеленген 12 таңғажайып сурет