НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1 КО) Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
22 жастағы Бекзат Нұрдәулетов 40 жастағы нигериялық Кабиру Товолавимен (13-2, 10 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек алты раундқа созылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді. Осылайша отандасымыз кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал нигериялық Кабиру Товолави үшінші рет жеңіліске ұшырады.
Маңғыстау облысының тумасы Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионы атанған еді. Біріншілік Ресейдің Екатеринбург қаласында өтті. Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.