Қоғам

Қазақстанда тағы жеті адам коронавирустан қайтыс болды

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде 25 280 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 749 адам коронавирус жұқтырса, 181 адам коронавирустық инфекцияның белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Жеті адам коронавирустан қайтыс болды, пневмониядан көз жұмғандар жоқ.

"16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 280 адам короновирус инфекциясынан (13 358 КВИ+ және 11 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 163 пациент стационарда, 21 117 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың ішінде 251 адамның жағдайы ауыр, 38 адамның ахуалы өте ауыр деп бағаланып отыр. 46 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Наурыздан бері 2 159 адам коронавирустан, тамыз айынан бері 466 қазақстандық пневмониядан қайтыс болды.