Саясат

Путин Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады

Путин Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуда қол жеткізген зор жетістіктерін, елдің әлемдік аренадағы беделін атап өтті
Sputnik

АЛМАТЫ, 16 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай  Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Кремль сайтында хабарланды.

Путин Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуда қол жеткізген зор жетістіктерін, елдің әлемдік аренадағы беделін, сондай-ақ өзекті халықаралық проблемаларды шешудегі маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар Ресей басшысы Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарының табысты дамып келе жатқанын айтты.

"Бірлескен күш-жігермен екіжақты байланыстардың бүкіл кешенін одан әрі өрістету, сондай-ақ ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі деп сенемін", - деп атап өтті Владимир Путин.

Оның айтуынша, бұл, сөзсіз "бауырлас халықтардың түпкі мүдделеріне сай келеді, Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту арнасына бағыталған".

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

1991 жылдың 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.

2020 жылы коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты жаппай мерекелер мен ойын-сауық шараларына тыйым салынды. Тәуелсіздік күніне арнап онлайн-дәрістер, видеоконференциялар, виртуалды кітап және фотокөрмелер өтіп жатыр.