АҚШ ресейлік С-400 сатып алуына байланысты Түркияға қарсы санкциялар енгізді. АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда шектеулер Түркияның қорғаныс өнеркәсібі хатшылығына және оның басшысына, сондай-ақ тағы үш жоғары лауазымды түрік шенеунігіне қатысты болып отыр.
Санкциялар "Американың қарсыластарына санкциялар арқылы қарсы тұру туралы" CAATSA заңының 231-тармағына сәйкес енгізілді.