Баренц теңізінің акваториясындағы Плесецк ғарыш айлағынан, сондай-ақ, Ту-160 және Ту-95МС ұшақтарымен "Ярс" және "Синева" баллистикалық зымырандары, жоғары дәлдіктегі Х-101 және Х-555 алыс қашықтыққа ұшатын зымырандары ұшырылды. Солтүстік флоттың атомдық сүңгуір қайығының, стратегиялық маңызы бар зымыран әскерінің (СМЗӘ) және стратегиялық авиация экипаждарының есептеулері ойдағыдай жүзеге асты.
Американдық The National Interest басылымы да Ресей Федерациясының шекарасына жақын маңда Солтүстік Атлантикалық Альянстың жоғары әскери белсенділігі қауіпсіздіктің әлсіздігін тудырып, Мәскеуді жаңа қару-жарақ жасауға итермелейді деп санайды. Ауқымды әскери қақтығыс жағдайында Ресейдің стратегиялық ядролық күштері НАТО-ның қалыпты қару-жарақтарынан басым түсуге кепілдік береді. Әртүрлі қуатты ядролық оқ-дәрілер диапазоны жаудың нысандарын жою міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Ядролық оқтұмсықтарды тасымалдаушыларды жауынгерлік қолдану салаларына, яғни, әуеде, теңізде және жерде бөліп қарастыру құпиялылықтың максималды дәрежесіне, технологиялық сенімділікке, жауынгерлік өміршеңдікке және кек қайтару қаруының тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, "Синева" құрлықаралық баллистикалық зымыраны су астынан аса жасырын түрде іске қосылады. Триаданың әрбір компоненті стратегиялық міндетті дербес орындауға қабілетті. Жауынгерлік ықпалдастық проблеманы сөзсіз және кепілдендіріп шешуді қамтамасыз етеді.
Тек АҚШ пен Ресейде ғана толыққанды ядролық триада бар. Олар ғаламшардағы оқтұмсықтардың 90%-тен астамына ие. 9 желтоқсанда америкалық RC-135S барлау ұшағының Аляскадағы әуе базасынан көтеріліп, Ресеймен шекаралас Беринг теңізінің үстінде бірнеше сағат бойы ұшуы кездейсоқ емес.
РФ ӘК Бас штабы мәлімдегендей, Ресей аумағына кез келген зымыран соққысы жасалған жағдайда Мәскеу өзінің ядролық әлеуетін қолданады. Жаудың қандай қарумен шабуылдап жатқанын анықтауға мүмкіндік болмағандықтан, Ресей Федерациясында ұшатын баллистикалық оқтұмсық болжаммен ядролық болып саналады. Батыстық "серіктестер" бұл жөнінде хабардар. Бірақ, олар Арктика, Балтық, Қара теңіз және Тынық мұхит аймақтарындағы арандатушылық сипаттағы әскери белсенділікті әлі де төмендетпей отыр. Бұған дейін Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшақтары Ресей Федерациясына қарсы соққы жасауды пысықтағанын мәлімдеген болатын. Соның ішінде америкалық B-52 бомбалаушы ұшақтарының Санкт-Петербург пен Калининградтағы қауіпті ұшулары да бар. Сол себепті Ресейдің бұл реакциясы қисынға келеді.
"Ярс, Сармат" және "Авангард" сияқты жаңа зымырандық жүйелер Ресей Федерациясының стратегиялық ядролық күштерінің қолына мерзімінен бұрын тиюде. Атомдық сүңгуір қайықтар, Стратегиялық маңызы бар зымыран бөлімшелері, бомбалаушылар, зымыран тасымалдағыштар тәулік бойы жауынгерлік дайындықта жүріп, жекелеген нысандарға немесе бағыттарда жедел соққы жасауға дайын жүреді. Оқу-жаттығулар тұрақты өткізіліп тұрады. Оған ресейлік ядролық триаданың барлық компоненттері бір уақытта қатысуда.
Орынбор маңындағы жауынгерлік кезекшіліктегі "Авангард" қондырғылары жау территориясындағы нысандарға қарай оқ жаудыруға дайын күйде тұр. Құрлықаралық баллистикалық зымыранның көмегімен блок Жерді айналып өтіп, есепті уақытта нысанадан мыңдаған шақырым қашықтықта атмосфераға енеді. Содан кейін болжанбайтын траектория бойынша сағатына 24 мың шақырымға дейінгі жылдамдықпен "Авангард" ұшып келіп, қарсыластың нысанынының көзін жояды.