Оңтүстік Африканың ең көне Крюгер ұлттық паркіне келушілер таңғажайып оқиғаға куә болды.
Бір топ арыстан Саваннаның биік шөбінде сүйелді қабанды қуып жетті, қоршауда қалған қабан өміріндегі соңғы шайқаста жеңілгенін түсінді, осы кезде арыстандар ойламаған жерден шегінді.
Сол маңнан өтіп бара жатқан буйволдар тұяқты жануардың жыртқыштармен текетіресіне араласты.
Қарымды буйволдар өлгелі жатқан қабанды құтқаруға тұра ұмтылып, оны қаншырлардың аузынан жұлып алды.
Ұлттық парк мамандарының айтуынша, бұл құтқару "операциясы" – табиғаттағы сирек көріністердің бірі. Олар сондай-ақ, буйволдар жыртқыштардың назарына ілінген басқа да жабайы жануарларды құтқарып қалатын жағдайлар аз емес екенін атап өтті.