Видео

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы - тікелей трансляция

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері ұсынылған Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын қарастырады
Sputnik

Отырыс бейнеконференция режимінде өтіп жатыр.Кеңеске Беларусь төрағалық етуде.

Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысып отыр.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланып жатыр.

Іс-шара қорытындысы бойынша ЕАЭО тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.