Фото

Әйгілі Түрксібке - 90 жыл: теміржол қалай салынды – тарихи фотолар

Sputnik

XX ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан аумағында 1904 жылы салынған Орынбор-Ташкент темір жолы жұмыс істеді. Түркістан, Жетісу және Сібірді байланыстыратын жаңа желіні салу идеясы Ресей үкіметінде 1886 жылы талқыланған болатын. Он жылдан кейін 1906 жылы Барнауыл – Семей – Верный – Луговой – Арыс жолының құрылысына қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Алайда ол уақытта құрылыс жұмыстары басталмады.

Дегенмен, жоба жиырма жылдан кейін жұмысқа қайта оралды. 1926 жылдың желтоқсанында Кеңес үкіметі магистраль салу туралы шешім қабылдады.

Түрксіб бірінші бесжылдықтың ең үлкен құрылысы ғана емес, сонымен бірге Кеңес Одағының аграрлық елден индустриялық елге айналуының символы болуы керек еді. 1927 жылдың 15 қыркүйегінде Семей магистралінің бірінші бөлігі, сол жылдың 19 қарашасында Луговойдағы бөлігі салынды.

Елдің түкпір-түкпірінен маңызды құрылысқа келген энтузиастар табиғи қиындықтарға қарамастан ешқандай техниканы пайдаланбай 1 145 шақырым рельсті жол төседі.

1 / 12
Түрксіб КСРО-да алғашқы бесжылдықтың ең танымал құрылыстарының бірі болды. Түрксіб салу туралы шешім 1926 жылы 3 желтоқсанда қабылданды. 1 145 шақырым рельсті жолды тау бөктері, жартасты жоталар арқылы салу керек болды.
2 / 12
Сібірден Орта Азияға тартылатын Түрксіб (Түркістан-Сібір магистралі) теміржолы бірінші бөлігінің салтанатты ашылуы. Қазақ КСР, 1929 жылдың 10 мамыры.
3 / 12
Құрылысқа дайындық 1927 жылдың сәуірінде басталды. Семей станциясынан трассаның бірінші бөлігі 1927 жылдың 15 қыркүйегінде салына бастады. Екінші жағының құрылысы Луговой станциясынан 19 қарашада басталды.
4 / 12
Қазақтың әдет-ғұрпына сәйкес, алғашқы паровозды өткізу үшін киіз үйге ұқсайтын арнайы арка жасалды. Паровоз соның астынан өтті. Арканың бір жағында "Түркістан", екінші жағында "Сібір" деп жазылған.
5 / 12
Жол құрылысына келген мыңдаған адам темір жол қызметкерінің, машинистің, механиктің, байланысшылардың техникалық мамандығын игеріп шықты.
6 / 12
Түрксіб құрылысы ХХ ғасырдың ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Құрылыстың қызған уақытында жұмыстарға 30-40 мың адам тартылды
7 / 12
Түрксіб жаңа өмір жолы деп аталды. Магистраль аймақ өміріне үлкен әсер етті, Алматы уездік қаласына жаңа дем берді. Жаңасемей, Жаңғызтөбе, Ақтоғай, Лепсі, Матай, Сарыөзек, Шу, Аягөз, Отар және басқа да жаңа қалалар мен жұмысшы поселкелері ашылды.
8 / 12
Түрксіб ұлттық кадрлардың ұстаханасына айналды. Оның құрылысы мен дамуы жылдарында азаматтар теміржол кәсібін игеріп, теміржолшылар әулеттерінің негізін қалады.
9 / 12
Орталық Азия республикаларына жаңа жолмен көмір, металл және нан тиелген пойыздары жүрді, ал ол жақтан жемістер, мақта мен жүн әкелді. Темір жол өңірдің дамуына қуатты серпін беріп, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, металлургия, мұнай өнеркәсібі және басқа да салалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
10 / 12
Шу станциясы – Түркістан-Сібір магистралінің Орта Азияны Сібірмен жалғастырған алғашқы теміржол станцияларының бірі.
11 / 12
Түрксібтің алғашқы пойызы. 1930 жылдың 21-ші сәуірінде Түркістан-Сібір теміржолының солтүстік пен оңтүстік телімдері түйісті.
12 / 12
Түрксіб құрылысы өте қиын табиғи және тұрмыстық жағдайларда өтті.