Sputnik Қазақстан тілшілері де мұндай мүмкіндікті қалт жібермеді.
5 желтоқсаннан бастап ЭКСПО аумағында мұз айдыны ашылды. Тұрғындар мұнда 12.00-23.00 аралығында келе алады. Өзінің конькиі барлар үшін кіру тегін. Жалға берілетін аяқкиімдер де бар.
Мұз айдынының қызметкері Венера Жақсынбетова күніне 300-ге жуық адам келетінін айтады.
"Сағат 19:30-20:00 кезінде техникалық үзіліс жасап, мұзды тазалаймыз. Кешкі сегізден он бірге дейін келесі сеанс болады. Кіру тегін, конткиді жалға беру құны - 500 теңге", - деді ол.
Коньки тебудің қыр-сырын үйренгісі келетіндер қосымша ақы төлеп, инструктор көмегіне жүгіне алады.
Толығырақ видеода.