Өңірлер

Байқоңырда педофил өмір бойына түрмеге қамалды – оқиғаның мән-жайы

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызды зорлауға қатысты қылмыстық іс қаралды. Алқибилердің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған болатын. Ал 2020 жылы 28 шілде күні Байқоңыр қаласында тағы қылмысқа барды. Кешкі сағат 20:30-дың шамасында өз үйінің алдында мас отырған. Сол кезде кіреберістен кәмелеттік жасқа толмаған көрші қыз шыққан. 

"Ол 2013 жылы туған қызды ойнайтын доп беремін деп, өз пәтеріне алдап апарды. Сосын өлтіремін деп қорқытып, зорлап тастады. Қыздың ата-анасы баласының жоғалғанын байқаған бойда полицияға хабар берді. Күдікті қылмыс орнында ұсталды", - дейді сот мамандары.

Сотта күдікті қылмыс жасамағанын мәлімдеді. Алайда сот-медициналық сараптама және көптеген дәлелдер зорлау фактісін растады. Прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Ал қорғаушылар дәлелдер жоқ деп, күдіктіні ақтауға өтініш жасады.

Алқабилер ер адамды кінәлі деп таныды. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.