Саясат

Қазақстан халқы Ассамблеясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынды

Қазақстан халқы Ассамблеясынан парламенттің төменгі палатасына тоғыз кандидат ұсынылып отыр, сайлау 10 қаңтарда өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан халқы Ассамблеясы парламент мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен ҚХА  кеңесінің отырысында белгілі болды.

Ассамблея кеңесі ұсынған үміткерлер

  • ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
  • Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
  • "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
  • "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
  • "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
  • "ЖетысуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
  • "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.

2021 жылы 11 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтеді. Егер Ассамблея мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, сессия шешімі қабылданды деп саналады.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясына 504 адам мүше. Әр сайлаушы – Ассамблея мүшесі – жеке дауыс береді. Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астам даусын жинаған кандидаттар сайланды деп саналады.

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы келесі жылы 10 қаңтарда өтеді.