АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. RT телеарнасы алғаш рет 2005 жылдың 10 желтоқсанында Мәскеудегі студиядан эфирге шықты. Бүгінде телеарна мен интернетте алты тілде қолжетімді RT 15 жыл ішінде әлемдегі ең танымал халықаралық ақпараттық телеарналардың біріне айналды. Телеарна International Emmy халықаралық сыйлығының қазылар алқасы мен Эмир Кустурица, Роджер Уотерс және Оливер Стоун сияқты заманның көрнекті тұлғалары тарапынан жоғары бағаға ие болды.
"Бізге 15 жыл. Әлемнің барлық арнайы қызметі, демалыңыздар. Түған күнде еш нәрсеге араласпауға уәде береміз", - деді деді RT бас редакторы Маргарита Симонян.
15 жылдық күні RT соғыс кезіндегі азаматтық қорғаныс туралы оқуға арналған америкалық фильмдер стилінде түсірілген "Жасыл қауіп" ("Зеленая угроза") видеосын ұсынды. Ирониялық ролик RT-белсенді толқындардан қалай қорғану керек екені туралы болды. Мерейтой қарсаңында телеарна "дипфейк" технологиясының көмегімен әлемдік көшбасшылардың ресейлік телеарнаға қалай бейім екенін көрсететін ролик жариялады.
Айта кетейік, RT телеарнасын апта сайын әлемнің 47 елінен 100 миллион адам көреді (IPSOS халықаралық компаниясының зерттеуі). RT BBC, CNN, Al Jazeera, Euronews, FOX News жаңалық тарататын телеарналардан озып, YouTube платформасында 10 миллиард қаралым жинады.
15 жыл бойы RT президенттер және бірінші тұлғалармен жүздеген сұхбат түсірді. Арнаға Ресей, Сербия, Словения, Сирия, Боливия, Венесуэла, Аргентина, Эквадор және басқа елдің басшылары сұхбат берді. RT арнасында тележурналистика аңызына айналған Ларри Кинг, Пулитцер сыйлығының лауреаты Крис Хеджес, Эквадордың бұрынғы президенті Рафаэль Корреа және Шотландияның бұрынғы бірінші министрі Алекс Салмондтың эксклюзивті шоуы бар.
RT – телевизия саласындағы ең беделді Emmy сыйлығының тоғыз дүркін финалисі. RT – "Үздік 24 сағаттық жаңалықтар бағдарламасы" санатында Монте-Карлода өткен телевизиялық фестивальдің жеңімпазы. Жалпы алғанда телеарна медиа мен теледидар саласында жүздеген халықаралық марапатқа ие болды.
Аты аңызға айналған тележурналист Ларри Кинг "RT-ні бүкіл әлем қарайды, сондықтан біз бір-бірімізге жарастық", дейді.
Сербиялық режиссер Эмир Кустурица "ресейлік RT телеарнасы BBC және CNN-ге қарағанда телеарнаның қандай болуы керек екеніне үлгі бола алады, олар бір жақты ақпарат көрсетіледі" деді.
Pink Floyd негізін қалаушы Роджер Уотерс: "Бүкіл әлемде керемет біржақты телеарналар бар. Мен көптеген жаңалықты RT арқылы білетініме қуаныштымын".
Америкалық режиссер Оливер Стоун: "Мен тек ресейлік RT арнасының жаңалықтарын көремін. Тек насихат болып табылатын Солтүстік Американың БАҚ-тарынан гөрі осы телеарнаға сенемін".
Шотланд жазушысы Ирвин Уэлш: "RT (шынайы түрде) BBC-ді біржақты деп көрсетеді. Біздің "қоғамдық телеарна" сыбайлас жемқорлыққа белшеден батқаны анық, соған байланысты объективті емес. Қандай білім, жаңалық, ойын-сауық? Бұл сандырақ үшін сіз лицензиялық алымдарды төлейсіз".